Вторник, 3 ноября, 2026
Басты бетЖаңалықтар👨‍👩‍👧 Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғауға қатысты үш мәселе қаралды

👨‍👩‍👧 Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғауға қатысты үш мәселе қаралды

 

Іле ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Жиында балалардың қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтардың алдын алу және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылармен жұмыс жүргізу мәселелері талқыланды.

Комиссия отырысында үш материал қаралды. Әрбір жағдай жеке зерделеніп, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар талқыланды. Сондай-ақ балалар мен олардың отбасыларына қажетті көмек көрсету және алдағы уақытта жүйелі сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдары қарастырылды.

Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Садықов балалардың құқықтарын қорғау тек бір мекеменің міндеті емес, бірнеше мемлекеттік орган мен жауапты ұйымның бірлескен жұмысын талап ететінін атап өтті.

Жиын қорытындысында қаралған үш материал бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді.

Подписывайтесь на нас: Atameken_press

#балаларқұқығы #Ілеауданы #Алматыоблысы #комиссия #қауіпсіздік #Қазақстан #новости

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments