Қыс мезгілінің жақындауына байланысты өңірлік Полиция департаментінде жеке құрамның саптық байқауы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жеке құрамның қысқы кезеңге әзірлігін бағалау, қызметтік тәртіптің сақталуын бақылау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайын тексеру.
Байқау барысында департамент бастығы полицейлердің сыртқы келбетіне, нысанды киімдерінің талаптарға сәйкестігіне және қызметтік куәліктерінің болуына ерекше назар аударды. Қысқы киімдердің толықтығы мен жай-күйі де тексерілді.
Сонымен қатар полицияның қызметтік автокөліктері тексеруден өтіп, олардың техникалық жағдайы мен қысқы маусымда пайдалануға дайындығы бағаланды.
Жеке құрамға «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, қызметтік тәртіпті қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Мұндай саптық байқаулар жеке құрамның ұйымшылдығын нығайтуға және бөлімшелердің алдағы қысқы кезеңдегі қызметке дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Подписывайтесь на нас: Atameken_press
#Алматыоблысы #полиция #қысқыкиім #саптықбайқау #Заңментәртіп #Қазақстан #новости


