Среда, 21 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар💰 Қазақстан алтын қорының бір бөлігін сатуға шығармақ

💰 Қазақстан алтын қорының бір бөлігін сатуға шығармақ

 

Ұлттық банк халықаралық резервтегі алтын үлесін төмендетуді жоспарлап отыр. Жыл соңына дейін алтынның үлесін шамамен 3 пайызға қысқартып, 75 пайыз деңгейінде сақтамақ. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Себептері:
🔹 АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің артуы
🔹 Доллардың тартымдылығы
🔹 Резервтерді қайта теңгерімдеу қажеттігі

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, алтынның резервтегі үлесі 78 пайызға жуықтап, тым жоғары деңгейге жеткен. Енді оны төмендету қажет.

Қыркүйек айының соңында шетел валютасындағы резерв 66,4 млрд долларды құрап, алтын қоры 386 тоннаға дейін өскен. Бір ғана актив түріне тәуелді болмау үшін резервтерді қайта теңгерімдеу қажет болып отыр.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#Ұлттықбанк #алтын #резерв #Bloomberg #қаржы #Қазақстан #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments