«Жүктілік кезіндегі аномальды ыстықтың ана денсаулығына, ұрықтың дамуына және ерте шақтағы балалардың денсаулығына әсерін енді болашақтың мәселесі ретінде қарастыруға болмайды. Біз бұл проблемамен бүгіннің өзінде бетпе-бет келіп отырмыз. Оның салдары күшейіп келеді және шұғыл шаралар қабылдауды талап етеді», – деді Ақмарал Әлназарова.
🍀Климаттық қауіптерді барынша азайту мақсатында Қазақстан профилактикалық бағдарламаларды, оның ішінде «Аналар саулығы» жобасын белсенді түрде дамытуда.
Сонымен қатар ДДҰ-мен әріптестікте 2026–2030 жылдарға арналған «Арал маңы өңіріндегі салауатты болашақ» жол картасын іске қосу мәселесі пысықталуда. Кейіннен климаттық медицина және денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық хаб құру көзделген.
🌐Сессияның қорындысында Қазақстан тарапы халықаралық қауымдастықты климаттық қауіптерді ұлттық денсаулық сақтау жүйелеріне енгізуге, жергілікті ғылыми зерттеулер ауқымын кеңейтуге, ерте ескертуге арналған цифрлық құралдарды енгізуге, сондай-ақ экологиялық тұрақтылық пен ана денсаулығын сақтауға бағытталған инвестицияларды біріктіруге шақырды.
Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ДДҰ-мен және ЮНФПА-мен бірлесіп ұйымдастырды.


