Пятница, 11 октября, 2024
Басты бетЖаңалықтар1 шілдеден бастап дәріхана сөрелеріндегі дәрі-дәрмектер таңбалана бастайды

1 шілдеден бастап дәріхана сөрелеріндегі дәрі-дәрмектер таңбалана бастайды

Бұл дегеніміз әр препараттың сыртқы қорабында «Data Matrix» атты  арнайы коды енгізіледі.  Жаңа қосымшаның көмегімен кез келген тұрғын дәрі-дәрмектің шығу тарихымен толық танысады.

Мысалы, Сіз смартфонның камерасын қосып, препаратта көрсетілген кодқа өтсеңіз жеткілікті. Алдыңыздан тауар жайлы толық ақпарат шығады. «Дата Мартикстың» көмегімен  тауардың  қайда, қашан шыққаны жайлы егжей-тегжейлі оқи аламыз. 

Ең  маңызды тұсы, дәрінің мемлекет бекіткен бағасын көре аламыз. Бұған дейін мұндай мүмкіндік болған емес. Сөредегі бағада айырмашылық бар болса шағымдануға әбден болады. 

Өздеріңіз білетіндей , нарықта дәрі-дәрмектерге арнайы  бекітілген баға қойылған.  Ол бағаны көтеруге кәсіпкерлерге заңмен тыйым салынған. 

Жоба авторларының сөзінше, жаңашылдық аясында дәріханалар шығынға батпайды. Керісінше, медициналық өнім  дайын күйде жеткізіледі. Өнімді таңбалау коды, шифрланған ақпараты бар жапсырманы жабыстыру секілді жұмыстар дәрі өндірушілер мен дистрибьюторлардың негізі міндеті болып саналады. 

Дәріханаларда  арнайы сканер мен компьютер болу керек.  Бірақ, кей ауыл-аймақтарда  мұндай құрал-жабдықтар болмаған жағдайда тегін «NS PHARM»  қосымшасын жүктеп алу қажет. 

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, былтыр 2023 жылдың  10 айында еліміздің аумағында рұқсат етілмеген препараттарды сақтап, сатуға қатысты 45 әкімшілік іс қозғалған. Ал Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының келтірген ақпаратына сәйкес, әрбір оныншы дәрі-дәрмек дамушы елдерде заңсыз саудаланған.  Сондықтан да тауарларды таңбалау мен қадағалауды енгізу осы сынды заңбұзушылықтарды алдын алуға мүмкіндік береді. 

 Сонымен қатар, контрафактілік және заңсыз әкелінген өнімдерден нарық біршама тазарады.  Сондай-ақ, салық төлеуден қашатын көлеңкелі бизнесті әшкерелейді. Осы сынды жұмыстар әуелгі кезекте сіз бен біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететіні сөзсіз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments