Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтар1 шілдеден бастап ҚР жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енеді

1 шілдеден бастап ҚР жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енеді

 

1 шілдеде күшіне енетін жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі елімізге не беретіні туралы Jetisý media ақпараттық алаңында айтылды.

Белгілі болғандай, жаңа заңның нормалары өтініштерді қарау бөлігінде мемлекеттік органдардың жұмыс форматын өзгертуге арналған. Негізгі мақсаты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Кодекс нормалары өтінішті қарау процесін де, алынған жауапқа шағымдану рәсімін де нақты реттейді. Өтініш бойынша қабылданған мемлекеттік органның шешімімен келіспейтін азаматтар сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

«Дауларды мамандандырылған соттар қарайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (2021 жылғы 26 қаңтардағы) 21 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот құрылды, оның ішінде біздің облыста облыс орталығы мен Қаскелең қаласында орналасқан 2 сот құрылады. Істі қарау мерзімдері өзгерді, дауды шешу үшін ақылға қонымды, бірақ 3 айдан аспайтын мерзім бөлінеді. Бұдан басқа, талап қоюды қабылдау және қарау рәсімі оңайлатылды. Сот талап қоюды қайтаруға ғана құқылы. Талап арызды қараусыз қалдыру, талап арызды қабылдаудан бас тарту және іс жүргізуді тоқтату – көзделмеген;», — деп атап өтті Алматы облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Дархан Тоқбаев.

Әкімшілік сот ісін жүргізудегі келесі негізгі ережелер Әкімшілік кодексте бекітілген:
5.1. Әкімшілік істердің ведомстволық бағыныстылығы:
Әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар шешілетін болады.
5.2. Соттың белсенді рөлі
Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, мәлімдемелерімен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектелмей, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттейді.

«Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тараптарына қатысты құқықтық негіздер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы. Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелер жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.»,- деп атап өтті спикер.
Жалпы, әкімшілік-аумақтық бөліністі қабылдау құқықтық мемлекет идеясына сәйкес мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың жаңа сатысына, заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі маңызды қадамға айналатынын, сондай-ақ елдің инвестициялық климатына жағымды әсер ететінін атап өтеміз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments