Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЦифрлы ҚазақстанҚұжаттарды рәсімдеудегі мемлекет БАЖ қанша?

Құжаттарды рәсімдеудегі мемлекет БАЖ қанша?

Шуақты да жайдары жаз мезгілінде теңіздің мөлдір суында жүзіп, күнге қыздырынып, шетелге саяхаттауды кім қаламас. Әлбетте, еңбек демалысын барынша естен кетпестей өткізуге тырысасыз. Мұндай жағдайда паспортыңыздың дайын болғаны жөн. Ал болмаған жағдайда оны ХҚО-ларда орналасқан Көші-қон қызметінің (ІІМ) мамандары рәсімдеп береді. ІІМ-нің қызметкерлері паспортты рәсімдеу кезінде әрбіреуіңіз білуіңіз тиіс есертулерді атап өтті:
• Паспорт қазақстандықтардың қалауымен, кез келген жаста беріледі
• Паспорттың жарамдылық мерзімі – 10 жыл
• Қызмет құны — 8 АЕК, дайын құжатты үш аптадан кейін алуға болады
• Паспортты қосымша ақы төлеу арқылы жедел түрде жасатуға болады
Балаға паспортты рәсімдеу кезінде ата-анасының жеке куәлігі, баланың туу туралы куәлігі көрсетіліп (ата-ананың бірінің болуы міндетті), мемлекеттік баж төленуі қажет. Жеңілдік санаты бар азаматтарға мемлекеттік бажды төлеудің қажеті жоқ. Толық ақпаратты eGov.kz порталынан біле аласыздар.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments