Сенбі, Қазан 1, 2022
Басты бет Тәуелсіздікке 30 жыл Тәуелсіздіктің құрдасы

Тәуелсіздіктің құрдасы

Биыл тəуелсіздіктің 30 жылдығына орай көптеген іс-шаралар атқарылуда. Ел бірлігінің арқасында қол жеткен жетістіктеріміз – барша елге ортақ мақтаныш, ортақ мəртебе. Халқымыз Тəуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, баянды болашаққа бет бұрды. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тəуелсіздіктің бағасы аса қымбат. Халқымыз оған зарығып жетті. Аңсатқан азаттық жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ.

Тəуелсіздік – ата-бабаларымыздың ежелгі арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының жəне өшпес қайсар рухының арқасында осы күнге қол жеткіздік. Бұған дейінгі ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістер тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық.

Тəуелсіздік алған жылы дүние есігін ашқан, келешегінен зор үміт күттіріп, еліміздің тірегі болуға ұмтылған Қазыбек бек ауылының мақтанышы, Теміржол ауылдық округінің əкімі Сəрсенов Өмірбек Бегендікұлымен жуырда сұхбаттасқан едік.

 Əңгіме барысында ауыл əкімі өзінің ауылда өткен қызықты балалық шағынан сыр шертіп, мектептегі кездерін еске алды. Осы күнге дейін жеткен жетістіктерінің таза еңбегімен келгені туралы айтып өтті. Қазіргі таңда Қазыбек бек ауылының дамуы үшін жасап жатқан жұмыстарына, алға қойған жоспарына тоқталды. Бүгінгі жастардың өзекті мəселесі жұмыссыздық, баспаналы болу екенін тілге тиек етті.

Теміржол ауылдық округінің əкімі Өмірбек Бегендікұлы ауыл тұрмысының алға басуына жол ашатын, өзі арнайы дайындаған екі жобамен таныстырды. Бірінші жобасы жас отбасыларына байланысты, ал екінші жобасы мектеп оқушыларының киім-кешек мəселесін түбегейлі шешу туралы еді.

Қазіргі таңда ауылдағы көше жолдарын жөндеу жұмысына аудандық бюджеттен қаржы қарастырылғаны жəне көше жарығын диодтық шамдарға ауыстыруды жоспарлап отырғанын айтты. «Алдағы уақытта тəуелсіз еліміз ең дамыған елдердің қатарында болады деп сенемін, əлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жəне əрбір сала бойынша дамыған мемлекет ретінде қалыптасқанын көзге елестетемін», – деп сұхбатын аяқтады.

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, намысымызды оятқан, əлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, мақсаты айқын ел ретінде танытқан тəуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында біздің округте міне, осындай жігерлі жастар жемісті қызмет атқаруда.

Балжан ҚАЗАНБАЙҚЫЗЫ,

Қазыбек бек ауылдық мəдениет үйінің қызметкері.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments