Іс-шараға спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Мухамедияров Дархан Нуртилеуович қатысты.
Семинар барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы адалдық мәдениетін орнықтыру, азаматтық жауапкершілікті күшейту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы әрбір азаматтың рөлі кеңінен талқыланды.
Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, спикерлер тарапынан жан-жақты жауаптар беріліп, пікір алмасты және ақпараттық брощюралар таратылды.



