«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің» қолдауымен, «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ және «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістерді, жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның негізгі талаптарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қазыбек Нұрсейітұлы Дауталиев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Ақылбекұлы Сейдалиев, Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Айзада Ерланқызы және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдана Ержанқызы Нұрғалиева қатысты.


