Воскресенье, 6 октября, 2024
Басты бетЖаңалықтар23 сәуірде Жетісу облысында «Еуропалық иммундау апталығы» басталады

23 сәуірде Жетісу облысында «Еуропалық иммундау апталығы» басталады

2023 жылғы 23-29 сәуір аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының бастамасымен елімізде, оның ішінде біздің облыста да Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Ол «Кең ауқымды толықтыра иммундау!» ұранымен аталмақ. Бұл туралы Талдықорған қалалық емханасының госпитальдық эпидемиологы Айгүл Смайлова Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Апталық барысында біз алаңдаушылық тудыратын жаһандық вакцинация деңгейінің төмендеуіне, сондай-ақ балаларға, атап айтқанда, жіберіп алған дозаларды қуып жету қажеттілігіне назар аударамыз. Еуропалық иммундау апталығының мақсаты иммундаудың маңыздылығы бойынша иммундауға көңіл аударту және ақпараттандыру деңгейін арттыру арқылы екпенің қамту деңгейін жоғарылату.
Еуропалық иммундау апталығының мақсаты иммундаудың маңыздылығы бойынша иммундауға көңіл аударту және ақпараттандыру деңгейін арттыру арқылы екпенің қамту деңгейін жоғарылату, вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдардың денсаулығын ұжымдық иммунитет көмегі арқылы қорғау үшін вакциналар әрекет ететіні туралы және ата-аналарды олардың отбасы мүшелерінің, өздерін қорғау үшін де, басқа адамдарды да қорғау үшін уақтылы иммундаудан өтудің, яғни жалпы жауапкершіліктің маңыздылығы туралы хабардар ету», – деді спикер.
Жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын өткізуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағындағы 53 мемлекет қатысады. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау саласында белгілі жалпы еуропалық бастама болып қалыптасты.
«Иммунопрофилактика – нақты бір адамның және жалпы барлық халықтың денсаулығы мен салауаттылығына көп шығынды қажет етпейтін, жоғары дәрежедегі оң нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін шараның бірі», – деп атап өтті Айгүл Мұсағұлқызы.
Бүгінде Жетісу облысында республиканың барлық өңірлеріндегідей, қызылша бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық байқалады. 2023 жылдың басынан бастап алғашқы диагноздар бойынша қызылшаның 15 жағдайы тіркелді, оның ішінде 6 жағдай зертханалық расталды. Науқастардың негізгі тобын 1 жасқа дейінгі балалар құрайды, олар жасына жетпей қызылшаға қарсы егілмеген.
«Барлық жұқпалы аурулардан, соның ішінде қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы вакцинация. Жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында жоспарлы иммундау және эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызылшаның таралуын болдырмау мақсатында сырқатқа көп шалдығатын тұрғындар арасында қосымша иммундау жүргізу қажет», – деді дәрігер-эпидемиолог.
Облыстың ұйымдастырылған ұжымдарында ата-аналармен иммундау сұрақтары бойынша жиналыстар өткізіледі. Білімдерін бағалау мақсатында апталық иммундау жүргізгенге дейін және кейін халықтың белгіленген топтарына сауалнама жүргізілетін болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments