Сенбі, Қыркүйек 24, 2022
Басты бет Жаңалықтар 28 мыңнан астам науқас коронавирусты жеңіп шықты

28 мыңнан астам науқас коронавирусты жеңіп шықты

Эпидахуал күн сайын өршуде. Алматы облысында бір тәулікте 350 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Талдықорған қалалық №2 емханасы директорының орынбасары Данияр Сматов мәлімдеді.
Осы уақытқа дейін, өңірде 35 523 жағдай зертханалық расталған. Оның 23 943-де ауру белгілері бар.
Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 2,1%, Балқаш – 1,2%, Ескелді – 1,5%, Қарасай – 1,6%, Қаратал – 1,2%, Кербұлақ – 1,8%, Сарқан – 1,8%, Кеген-1,8% аудандарында байқалған.
Бүгінде індеттің өсу қарқыны- 1,0% құрап отыр. Індет дендегенен бері әзірге ауруханадан 28 854 науқас шығарылған. 19 адам үйде оқшауланудан босатылған.
Спикердің айтуынша, коронавирустан қайтыс болып жатқан адамдардың көпшілігі – екпе алмағандар екен.
«Вирусқа қарсы екпе аурудан 100 пайыз қорғамауы мүмкін. Бірақ, екпе салдырған адамдар коронавирус жұқтырса да, жеңіл ауырады, бірен-сараны ғана орташа ауыр жағдайға түсуі ықтимал. Сондықтан Қазақстанда бар вакциналарды салдыруға сіздерді шақырамын. Популистік ұрандарға сенбеңіздер. Халық арасында ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет»,-деп қорытындылады Данияр Оралханұлы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments