Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтар28 000 адам жоғары ағынды оттегі терапиясы арқылы емделді

28 000 адам жоғары ағынды оттегі терапиясы арқылы емделді

Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов және Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы аумағындағы коронавирустық инфекцияның жағдайы туралы айтты.
Брифинг барысында Батыржан Байжұманов облыстың 17 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етілгенін, оттегі концентраттарының саны 1350 данаға жеткізілгенін, жоғары ағынды оттегі терапиясы әдісі енгізілгенін, 100 Хай Флу аппараты (76 млн.теңге) бар екенін, 28 000-нан астам адам емделгенін хабарлады. Жалпы, өңірде медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету 79% — дан 89% — ға дейін артты.
Бұдан басқа, 180 жедел жәрдем көлігі, сондай-ақ 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды (барлығы 17 ЖМК бар). Бригадалар саны 205-ке дейін артты. 200 төсектік жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілді, ауыр науқастар мен балаларға арналған көп бейінді ауруханалар базасында 4 ахуалдық орталық құрылды.
Медициналық персоналдың жетіспеушілігі мәселесі дәрігерлерді жұмысқа тартумен шешілді, мәселен, амбулаториялық және стационарлық деңгейде 3455 медицина қызметкері, 45 жоғары оқу орындарының, 281 Медициналық колледждің түлектері қызметкер орналастырылды. Зейнеткер дәрігерлер науқастарға консультативтік көмек көрсетеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments