Понедельник, 2 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтар29 тамыз Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

29 тамыз Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

 

29 тамыз Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттерде мәлімдеді.

«Жамбыл облысының Байзақ ауданында адам өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза тапқан әскери қызметкерлер мен құтқарушылар шынайы ерлік пен қайсарлық танытты. Олар халықтың жадында мәңгі қалады», – деп жазды Тоқаев.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан белгісіз заттардың жарылыстары орын алды. Барлығы 10-ға жуық жарылыс болды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments