Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетUncategorized5 қазан – Ұстаздар күні құтты болсын!

5 қазан – Ұстаздар күні құтты болсын!

ҚҰРМЕТТІ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР!
Алаш ардақтыларының бірі Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың тағдыры, келешегі, ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі…» деген болатын. Ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсарин: «Мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегінің бəрінен де қымбат көремін… халық мектептері үшін ең керектісі оқытушысы; тамаша педагогика құралдары да ең жақсы үкімет бұйрықтары да əділ мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылаушы да оқытушыға тең келе алмайды», – дегені де шындық. Жалпы педагогика ғылымындағы басымдықтарды яғни тəрбиеленуді, оқытуды, білім беруді, дамытуды, қалыптастыруды үйлестіретін мектептегі бірден бір тұлға – мұғалім.
Еліміз тəуелсіздік алған жылдар ішінде білім саласы қарқынды дамып, педагогиканың мазмұны жаңарды. Осы уақыт аралығында қаншама ұрпақ оқып, тəрбиеленіп, алдағы өмірге қадам басты. Мұның барлығы ұстанымы жақсы ұстаздардың арқасы десек, еш қателеспейміз.
Осындай мәртебелі мамандықтың майталмандарын 5 қазан – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мерейлі мереке аясында отбасыларына амандық, дендеріне саулық, қызметтеріне толағай табыс тілеймін! Бойындағы бар ынта-жігерін білім беру саласына арнаған ұлтқа қалтықсыз қызмет ететін ұлағатты ұстаздардың қатары көбейе берсін демекпіз!

 

”Атамекен” редакциясы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments