Четверг, 25 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚазақстан интернет жылдамдығы жағынан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен алда

Қазақстан интернет жылдамдығы жағынан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен алда

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында осылай деп баяндама жасады.

Сөзінше 43,62 Мбит/с орташа интернет жылдамдығымен 66-орында.

Елімізде 6 290 ауыл бар, оның ішінде сымды интернет бойынша оптика 2 606 ауылға жеткізілген. Мобильді интернет 4 866 ауылда қолжетімді. 2023-ші жылы 1161 ауыл 4G технологиясына қосылды.

Бүгінгі таңда 1424 ауыл мобильді Интернетке қол жеткізе алмай отыр.

“5G технологиясын одан әрі дамытуға қатысты Кселл және Теле2-мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында 5G-ді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады. Бүгінгі таңда 20 қалада 1 144 базалық станция орнатылған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 5G ұялы байланысын енгізу 2025-ші жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс”, — деді министр.
#интернет

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments