Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетРухани жаңғыруБар кітапқа бас болған

Бар кітапқа бас болған

Дана халқымызда «Көп тілеуі – көл» деген қанатты сөз бар. 2016 жылдан бастап бірінші сыныпқа жаңа барған бүлдіршіндердің əліппемен емес, оқу сауаттылығымен оқығаны бəрімізге ауыр тиіп еді. Айтыпайтпай не керек, араға бес жыл салып, «Əліппеміз» қайта оралды.

Ата-аналардың жаңа оқулықтан күтер үміті үлкен. Ең бастысы, 110 жылдық тарихы бар ұлт ұстазының «Əліппесі» қайта жаңғырмақ. Биылғы жаңа оқу жылында балалар алғашқы білімнің бастауы болған «Əліппе» оқулығымен қауышпақ. Соңғы жылдары жұртшылық тарапынан еліміздегі білім беру ісі, оқулықтардың сапасы, ондағы балалардың логикасына салмақ түсіретін қисынсыз тапсырмалар, оқыту үрдісіндегі қиындықтар туралы сыни пікірлер жиі айтылды. Білім берудің жаңашылдық технологиясы, əсіресе жаңадан мектеп табалдырығын аттаған балалар үшін оңай соқпайтын. Осы олқылықтардың орны енді толмақ. «Əліппе» оқулығының мектепке оралатыны туралы жағымды жаңалыққа ата-аналар айрықша қуануда. Қуанбай қайтсін?! Бір ғана «Əліппенің» өзі кезінде оларға əріпті танытып, үлкен өмірге жолдама бергені əлі күнге аңыз болып айтылып келеді.

«Əліппемен» бірге «Букварь» оқулығы да Қазақстан мектептеріне қайта оралып жатыр. Бұл жөнінде Білім жəне ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кеңінен айтып, оқулықтарды таныстырды. «Бірінші қыркүйекте өтетін іс-шарада біз алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға салтанатты түрде «Əліппе» оқулығын табыс етуіміз керек. Бұл – игі дəстүр. Аталған бағыттағы жұмысты уақтылы ұйымдастырған жөн» деді министр.

Бүлдіршіндердің алғашқы оқулығы бүгінде өңірлерге жеткізіліп жатыр. Жамбыл аудандық білім бөлімінің хабарлауынша, биыл 3668 оқушы мектеп табалдырығын аттайды. Олардың барлығы да алғаш партаға отырғанда жаңа «Əліппемен» қауышатын болады.

Əйгерім ƏБУ.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments