15 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 47 540 жағдай тіркелген, оның ішінде 34 250 симптом белгілері бар.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2224,2 құрады.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,7% — дан 0,6% — ға дейін төмендеді.
Соңғы тәулікте КВИ 240 жағдайы тіркелді, оның ішінде 190-ы симптомдық және 50-і симптомсыз болып табылады.
Облыс өңірлері арасында КВИ сырқаттанушылығы келесі көрсеткіштерді көрсетуде: Балқаш-3, Еңбекшіқазақ-36, Ескелді–11, Жамбыл–23, Іле-31, Қарасай-8, Қаратал-5, Кеген-2, Кербұлақ-2, Көксу-10, Райымбек–1, Панфилов-8, Сарқан–4, Талғар–21, Ұйғыр–11, Талдықорған-54, Текелі-6, Қапшағай қаласы-4.
Айта кетейік, жыл басынан Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінен 807 435 доза келіп түсті. Вакцинаның 2 компонентінен 735 060 доза алынды.
Бүгінде 719 941 адам вакцинаның бірінші компонентін алды, екіншісімен 600 456 тұрғын егілді.