Қазіргі цифрлық дәуірде алаяқтардың айла-тәсілдері күн сайын жаңарып, олар банк қызметкері, полиция қызметкері, тіпті мемлекеттік органдардың өкілі болып танысып, адамдардың жеке деректері мен ақшасына қол жеткізуге тырысады. Олардың мақсаты – сіздің сеніміңіз бен асығыстығыңызды пайдаланып, өз пайдасына жұмсау. Алаяқтықтың алдын алудағы басты қару – сақтық пен саналылық.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін мына қарапайым ережелерді ешқашан ұмытпаңыз:
-
ешкімге жеке деректеріңізді, банк карталарыңыздың нөмірлері мен SMS-кодтарды бермеңіз;
-
күмәнді сілтемелерге баспаңыз және таныс емес сайттарға кірмеңіз;
-
бейтаныс адамдардың сұрауы бойынша ақша аудармаңыз;
-
кез келген ақпаратты тек ресми сайттар мен арналар арқылы тексеріңіз.
Егер сізге күмәнді қоңырау немесе хабарлама келсе, сабыр сақтап, асығыс шешім қабылдамаңыз. Кез келген жағдайда банкке немесе тиісті органға өзіңіз хабарласып, ақпараттың рас-өтірігін тексеріңіз. Есіңізде болсын: алаяқтар сіздің сабырсыздығыңыз бен қорқынышыңызды пайдаланады.
Қырағылық – сіздің басты қорғанышыңыз. Өз қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қарап, сақ болыңыз!
#Алаяқтық #Қауіпсіздік #СақБолыңыз


