Среда, 21 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🏥 Қазақстанда қандай тегін скринингтер бар және кімдерге қолжетімді

🏥 Қазақстанда қандай тегін скринингтер бар және кімдерге қолжетімді

 

Денсаулық сақтау министрлігі скринингтерден тұрақты түрде өту қажеттігін еске салды. Ведомствоның атап өтуінше, Қазақстанда негізгі тексерулер МӘМС мәртебесіне қарамастан, мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер есебінен жүргізіледі.

🔹 Жүрек-қан тамырлары ауруларына, қант диабетіне және глаукомаға скрининг 40–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге екі жылда бір рет жүргізіледі
🔹 40–76 жастағы әйелдерге сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау үшін маммография — екі жылда бір рет
🔹 Жатыр мойны қатерлі ісігіне скрининг 30–74 жастағы әйелдерге арналған — төрт жылда бір рет
🔹 50–76 жастағы ерлер мен әйелдер колоректальды қатерлі ісікке скринингтен екі жылда бір рет өтеді

Скринингтен өту үшін тіркелген жеріңіздегі емханаға жүгініп, биыл қандай тексерулер қажет екенін нақтылау керек.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#скрининг #денсаулық #Денсаулықсақтауминистрлігі #МӘМС #Қазақстан #профилактика #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments