Соңғы екі аптаны салыстырғанда облыс бойынша КВИ өсу қарқыны 0,02% — дан 0,14% — ға дейін артты, деп хабарлайды Jetisy Media.
Аурудың жоғарғы өсу қарқыны Алакөл-0,23%, Жамбыл — 0,15%, Қарасай-0,39%, Кербұлақ-0,23%, Сарқан-0,15%, Кеген-0,75% аудандарында және Қапшағай қаласында-0,54% байқалады.
Өткен тәулікте вирус жұқтырудың 257 дерегі тіркелген. Анықталған жағдайдың ішінде 14 жасқа дейінгі 17 бала, 1 студент пен 4 ұстаз коронвирусқа шалдыққан.
Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ аурушаңдығы: Ақсу-2, Алакөл-26, Балқаш-3, Еңбекшіқазақ-14, Ескелді-7, Жамбыл-19, Іле-15, Қарасай-38, Қаратал-2, Кеген-12, Кербұлақ-15, Көксу-5, Панфилов-13, Райымбек-6, Сарқан-8, Талғар-17, Ұйғыр-1, Қапшағай қаласы-4, Талдықорған қаласы-48, Текелі қаласы-2.