Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетМӘМССкринингтік тексерулерден өтудің маңызы

Скринингтік тексерулерден өтудің маңызы

Денсаулығыңызға ешқандай шағымыңыз болмаса да скрингтен өту өте маңызды. Себебі профилактикалық тексерулер ауруды ерте кезден анықтауға мүмкіндік беретін әдіс.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Гульзия Таипованың айтуынша, профилактикалық қарап-тексеру және скрининг бойынша медициналық көмек МӘМС шеңберінде көрсетіледі, сондықтан азаматтардың сақтандырылған мәртебесі болуы маңызды.

«Емханамызға тіркелген әр адамды жас ерекшеліктеріне байланысты біз скрингтен өтуге шақырамыз. МӘМС жүйесі бойынша мамографиялық, жатыр мойны ісігін және колоректалды обырды ерте анықтау бойынша тесерулер жүргізіп, қажет болған жағдайда толық тексеріске басқа медициналық ұйымдарға жолдама береміз. Скрининг аса қауіпті аурулардың алдын алуға бағытталған ең тиімді әдіс. Айта кету керек, дерттердің асқынуы көп жағдайда сақтандырылмаған пациенттерден анықталады»,- дейді №2 Талдықорған қалалық емханасы профилактикалық бөлімінің, скринингтік тексерулер бойынша дәрігері Алия Ахметова.
Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі. Мысалы, туылғаннан 18 жасқа дейін, 30 бен 70 жас аралығындағы ересектерге, тәуекел топтағы азаматтарға.
Жасына байланысты жыл сайынғы скрингтен өтуге келгендердің бірі облыс орталығының тұрғыны Жандарбек Омаров:
— Менің жұмыс орнымнан ай сайын медициналық сақтандыруға жарна төленеді. Мәртебем сақтандырылған. Соның арқасында бүгін емханға келіп денсаулығымды тексертіп жатырмын. Толыққанды тексеріс үшін колоноскопияға басқа емханаға жолдама алдым.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments