Понедельник, 25 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖол-көлік оқиғалары адам өлімінің тоғызыншы себебіне жатады

Жол-көлік оқиғалары адам өлімінің тоғызыншы себебіне жатады

Мұндай апаттардан жыл сайын миллионнан астам адам қаза табады (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемдегі жол қауіпсіздігінің жағдайы туралы баяндама, 2015 ж.). 15-29 жас аралығындағы қаза тапқандардың өліміне көбінесе осы жол-көлік оқиғалары себепші және мұндай өлімдердің 49 пайызы жаяу жүргіншілер жолағында болған. Жол апаттарынан адамның ауыр жарақат алатыны түсінікті. Олардың 60-75% аралас және әртүрлі жарақаттар.
2023 жылдың 5 сәуірінде жедел-жәрдем бригадасымен Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне К. есімді науқас ауыр халде жеткізілді. Фельдшердің айтуынша, ол сағат 06:00 шамасында Еңбекші ауылы маңындағы тас жолда жол апатынан зардап шеккен. Науқасты арнайы топ тексергеннен кейін, оның жалпы ауыр жағдайына байланысты реанимация және интенсивті терапия бөліміне жатқызылды. Түскен кездегі диагнозы: қосарлас жарақат, жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, сол жақ бет жарақаты, сол жақ иық сүйегі ортаңғы бөлігінің жабық сынуы, қол буындары, жабық кеуде, бел омыртқасы тіндері, оң жақ сан жарақаты, сол аяқтың сынуы, оң жақ жіліншіктің жоғарғы бөлігінің жабық сынығы, сүйек бөліктерінің аздап ығысуы. 1-2 деңгейдегі травматикалық шок. Жедел медициналық шаралардан кейін 2023 жылдың 30 наурызында кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында науқасқа қажетті ота жасалды. Хирургиялық процесс кезінде сүйек сынықтарын орнына келтіруді бақылау және операция уақытын қысқарту үшін рентгендік бақылаудың ең заманауи әдістері қолданылды. Сонымен қатар, операцияның нәтижесін онлайн көруге мүмкіндік беретін С-дуга құрылғысы қолданылды. Заманауи технологияларды қолдану хирургиялық процестерді аз инвазивті, травматикалық жолмен жасауға мүмкіндік береді және операция уақытын айтарлықтай қысқартады, бұл пациенттердің денсаулығы тезірек оңалуына ықпал етеді.
Ота травматология бөлімі меңгерушісінің жетекшілігімен өтті. Операцияны хирург Малаев Талғат Аманбекұлы жасады, ал, оған Арсен Қанатұлы, анестезиолог Шаденов Е.А., анестезиолог Оразалиева Г.Е., ота медбикесі Рамазанова Б.Ш. көмектесті. Ал, операциялық блокты ота жасауға медбике Налибаева Ж.С. дайындады. Жол-көлік оиқғаларынан кейін науқастарға шұғыл травматологиялық көмек көрсету травматологиядағы өзекті мәселе екенін тағы бір рет атап өткім келеді. Жарақаттану кезінде уақытылы көмек көрсетілмеген жағдайда, дәрігерлер, ортопед-травматологтар кейіннен ауыр деформацияларға тап болады, бұл пациенттердің қалыпты өмірге оралу мүмкіндігін азайтады және мүгедектер санының артуына әкеліп соғады. «Ережелерді елемей кетпеңіздер, жолда сақ болыңыздар!» дегім келеді. Баршаңызға денсаулық пен береке тілейміз!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments