Пятница, 13 ноября, 2026
Басты бетЖаңалықтарCOP31: КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖАҒДАЙЫНДА АНАЛАР МЕН ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ –...

COP31: КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖАҒДАЙЫНДА АНАЛАР МЕН ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ – ЖАҺАНДЫҚ БАСЫМДЫҚҚА АЙНАЛУЫ ТИІС

 

Бүгін Анталия қаласында өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 31-конференциясы (COP31)  шеңберінде Қазақстанның Ұлттық павильонында «Жаһандық жылыну жағдайында жүктілікті қорғау: нақты іс-қимылға шақыру» атты жоғары деңгейдегі сессия өтті.

Сессияның жұмысына ДДҰ-ның Бас директоры Тедрос Гебрейесус, Құрылтайдың Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Егізбаев, ҚР Экология министрі Әлібек Қуантыров, сондай-ақ 30-дан астам елден келген сарапшылар мен өкілдер қатысты. 

Сессияны ашқан ҚР Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда климаттың жылыну қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштен екі есеге жуық жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, аптап ыстық пен экологиялық сын-қатерлер репродуктивтік денсаулыққа және өскелең ұрпақтың саулығына тікелей қауіп төндіреді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments