Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтар"Jasyl El” бағдарламасы бойынша 1300-ден астам жауынгер жұмыспен қамтылады

«Jasyl El” бағдарламасы бойынша 1300-ден астам жауынгер жұмыспен қамтылады

Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында жастар ресурстық орталығының басшысы Мақсат Кенешев баяндады.
Маманың айтуы бойынша, қазіргі кезде облыс бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы анықталған жастар саны – 451 344.
Жастарды жұмыспен қамтып, уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалғаны туралы айтты. Осы тұрғыда «Jasyl El» жастар еңбек жасақшыларының еріктілерінің қатысуымен облыс көлемінде жыл басынан 500-ден аса шара өткізіліп,5000-ға жуық жасты қамтитын «Киелі табиғат» ағаш отырғызу акциясы, «Экоплоггинг» акциясы, ай сайынғы «Таза Әлем» акциясы мен түрлі бағыттарда шаралары ұйымдастырылды. «Жасыл ел» жобасын материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша 2023 жылға 150 млн теңге қаражат бөлініп, 1365 жауынгерді уақытша жұмыспен қамту көзделіп отыр», — деп Мақсат Құлтайұлы мәлімдеді.
2023 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері 70 000 теңгеге артуына байланысты, бөлінген қаражат жол картасы жоспарын жабуға жеткіліксіз. Осыған байланысты, қосымша 165 жауынгерге арнап 25 млн.теңге қаражатқа өтінім берілді. Қазіргі уақытта 1200 жауынгерді қамтуға арналған жалпы қаражаты 150 млн.теңгені құрайтын конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Сондай-ақ, жұмыссыз жастарды қолдау мақсатында «Jana qadam», «Ақпаратты Қазақстан», «Жас кәсіпкер», «Менің болашақ мамандығым» жобалары жүзеге асырылуда.
Орталықтың басшысының айтуы бойынша, жастарды еңбек жасақтарының жұмыстарына тарту үшін, ақпараттық шаралар жүргізіліп отырады.
Облыс бойынша еңбек жасағына қосылғысы келетін жастардың саны артып келетіні қуантарлық жағдай екенін айтып, сөзін қорытындылады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments