Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бетNur Otan«Nur Otan» партиясының конференцисы өтті

«Nur Otan» партиясының конференцисы өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының филиалының XXX есеп беру-сайлау Конференциясы өтті. Конференцияға аудан әкімінің орынбасары Ақниет Тұрысбекұлы Туматаев, аудандық «Nur Otan» партиясы филалы жанын  құрылған Саяси кеңес мүшесі төрағасының орынбасары Мендебаев Батырхан Нүсіпқұлұлы, «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат депутаты Ықылас Еркінұлы Амалбек, облыстық маслихат депутаттары Елдос Жақсылықұлы Үшкемпіров, Дәулет Жамалбекұлы Жарасбаев пен аудандық маслихат хатшысы, аудандық маслихат депутаты Саят Мұхаметқалиұлы Жұрын, аудандық маслихат депуаттары мен, конференцияға сайланған делегаттар офлайн түрде қатысты. Ал, бастауыш партия ұйымының төрағалары бұл конференцияға Zoom платформасы арқылы онлайн қатысты.

Конференцияда аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдардағы атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы, аудандық Саяси Кеңес құрамын бекіту және Алматы облыстық партия филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясы шақырылуына байланысты аудандық филиал атынан делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.
Конференция соңынан аудандық партия ұйымдарының Саяси Кеңесінің бірінші ашық отырысы өткізіліп, ұйымдық мәселе қаралды. «Nur Otan» партиясы Жарғысының 9.4. тармағына сәйкес, аудандық партия филиаларының Саяси кеңесі Бюросының жаңа құрамын сайлауы қаралып дауыс беру нәтижесімен құрамы бірауыздан бекітілді.

Конференцияда мінбеге шығып сөз алған аудандық Саяси кеңес мүшесі төрағасының орынбасары Мендебаев Батырхан Нүсіпқұлұлы мен аудандық маслихат депутаты Саят Мұхаметқалиұлы Жұрын Саяси кеңестің 2019-2020 жылдарда атқарған жұмыстарына қанағаттарлық деген баға берді.

Конференция соңында аудандық Саяси кеңес мүшесі төрағасының орынбасары Мендебаев Батырхан Нүсіпқұлұлы 1-мамыр Қазақстан Халықтары күні мерекесіне орай партия қатарына кірген азаматтарға партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстап, құттықтады.

Елдар Жақыпбеков

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments