Жұма, Мамыр 20, 2022
Басты бет «Nur Otan» "Nur Otan" партиясы халық жанынан табылуда

«Nur Otan» партиясы халық жанынан табылуда

«Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жыл басынан бері 186 адамнан электронды түрде 236 адамнан ауызша түрде өтініштер келіп түсті. Көмек сұрап өтініш білдірген тұрғындардың 61 %-ының  өтініштері оң шешімін тауып 39%-ына консультативтік және құқықтың негізде заң аясында көмек көрсетілді.

Аудандық «NurOtan» партиясының қоғамдық қабылдауына әртүрлі мәселелерін көтеріп келетін тұрғындар болады. Соның ішінде тұрғындар әлеуметтік көмек көрсету, ауыл жолдарын жөндеу, ауылға мәдениет үйін салу мен интернет желісін қосу сияқты т.б. мәселелерді айтып келеді.

Осындай мәселелерді көтерген тұрғындарға аудандық және облыстық мәслихат депутаттары барынша көмек көрсетуге тырысады. Мәселен, «Мектепке жол акциясы» аясында тұрмысы төмен және ата-ана қамқорлығынан айрылған немесе көпбалалы отбасыларға депутаттар 1 300 000 теңге көлемінде мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешек алып беріп көмек көрсетті. Бұдан да бөлек көмектер көрсетілу үстінде. Айталық, азық-түлік, қысқы отын мен жұмысқа орналастыру, азаматтық алу мен заң аясында көмек көрсетілу сынды көптеген мәселелер оң шешімін тауып, партия тұрғындарға мейлінше жәрдемдесуде.

Еске сала кетейік, тұрғындар өздерін мазалаған мәселелері бойынша «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуына болады:

  1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
  2. WhatsАpp: 8 7076923202

Сонымен бірге партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің базасында отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «111 шұғыл қызметі» арнайы байланыс орталығы іске қосылды.

Мерей Түзелбек,

«Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының консультанты

#NurOtan

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments