Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетUncategorizedQazaq air Астанадан Талдықорғанға күн сайын ұшады

Qazaq air Астанадан Талдықорғанға күн сайын ұшады

Qazaq air Астанадан Талдықорғанға күн сайын ұшады. Бұл қызметке канадалық заманауи ұшақ қарастырылыпты. Ұшу уақыты 1 сағат 45 минут. Бұл туралы «Жетісу» авиакомпаниясы АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті Ерлан Ерғожаев Өңірлік коммуникациялар алаңында баяндады.

Спикердің айтуынша, ұшақта барлық қауіпсіздік шаралары сақталған. Әуе кемесінің техникалық базасын арнайы мамандар бақылайды. Ал авиациялық қызметкерлер жыл сайын арнайы оқу –жаттығудан өтеді. Айта кетейік ұшақ Астанадан 13:00-де ұшып шығып, 14:45-те Талдықорғанға қонады. Ал Талдықорғаннан Астанаға 15:15-те ұшып, 17:05-те жетеді.
Сонымен қатар мамыр айынан бастап, Талдықорған-Үшарал бағыты бойынша бір қосымша рейс іске қосылды.
«Биыл Астана-Талдықорған-Астана бағыты бойынша Qazaq air компаниясы тұрақты әуе маршруттары орындалып жатыр. Канадалық Dash 8-Q400 маркалы ұшақтарда 89-ға дейінгі жолаушыларды тасымалдайды. Рейстер 7 күнде бер рет орындалады. «Жетісу» авиакомпаниясы АҚ сыйымдылығы 19 жолаушыға дейінгі L410 маркалы әуе кемелерінде Талдықорған-Үшарал-Талдықорған бағыты бойынша күнделікті рейстерді орындайды. Мамыр айынан бастап тағы бір қосымша рейс іске қосылды», – деді спикер.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments