Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарTik Tok-ты қолдану уақыты шектеулі болады

Tik Tok-ты қолдану уақыты шектеулі болады

Бүгінгі күні «Тik Tok» әлеуметтік желісін білмейтін жан жоқ шығар сірә?!  Youtube, Instagram, Facebook сынды әлеуметтік желілерді басып озған аталмыш желі қоғамда кеңінен танымал. Алайда бірнеше мемлекет өз аумағында бұл әлеуметтік желіге бұғат қойған болатын. Қоғамда қалыптасқан  теріс пікірлерге байланысты  желінің авторы жаңа тәсіл ойлап тапты. Енді 18 жасқа толмаған жасөспірімдер  Tik Tok желісін 60 минуттан артық қолдана алмайды. Яғни, 1 сағаттан артық қолданатын болсаңыз қолыңыздағы желіге қосылған телефон автоматты түрде жұмысын тоқтатады. Егер сізге бұл уақыт жеткіліксіз болса, ата-анаңыздың көмегімен желіге қайта қосылуыңызға мүмкіндік бар. Ол үшін ата-анаңыздың ұялы телефонына келген кодты енгізсеңіз болғаны.  Әлеуметтік желіні ойлап тапқан басшылықтың айтуынша,  бұл әрекет Tik Tok-ты сақтап қалудың бірден бір жолы көрінеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments