Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАбай облысында жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды

Абай облысында жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды

10 маусымда із-түзсіз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Архиповтың денесі зорлық-зомбылық белгілерінсіз, өрт сөндірілген жерден 50 шақырым жерде табылды.

«Ер адамның денесін қызметтік ит тапты. Ол Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында жұмыс барысында сигнал беріп, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүрді».Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, процестік шешім соның нәтижелері бойынша  қабылданады.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды».

Далон орман шаруашылығының тракторшысы Сергей Архипов 10 маусымда ормандағы өртті сөндіруге аттанып, хабар-ошарсыз кеткен.

12 маусымда Дмитриевка ауылынан 5 шақырым жерде оның тракторы табылды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments