Понедельник, 27 мая, 2024
Басты бетПрезидентАлдағы 5 жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ

Алдағы 5 жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ

Мемлекет басшысы алдағы 5 жылдың ел үшін ең маңызды кезең екенін   VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында атап өтті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы нақты басымдықтарға мән беруді тапсырды.

«Нақты басымдықтар форматында жұмыс істеу керек. Аса маңызды мәселелерді дереу шешу қажет. Бірақ кейбір мәселені кейінге қалдыруға, ал бірқатары бойынша алдағы шешімдердің тек жобасын белгілеуге тура келеді. Әйтпесе, еңбегіміз зая кетеді және қолда бар ресурстарымызды сарқып аламыз», деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы алдағы 5 жылдың маңызды кезең болатынын атап өтті. Сондықтан да біршама өзгерістер қажет екенін айтты.

«Алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ. Елімізді қарқынды дамыту үшін сапалы заңнамалық база қалыптастыру керек. Ол үшін экономикаға қажетті ережелер мен қағидаларды өзгерту қажет», деді ол.

Маңызды өзгерістер үшін қазірдің өзінде қадам жасалғанын айтып, бет алған бағыттан жаңылмау керегін атап өтті.

«Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Монополиядан арылту және елімізден заңсыз шығарылған капиталды қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл елімізге орнықты, бәсекеге қабілетті ірі бизнес керек емес дегенді білдірмейді. Керісінше, қажет екені сөзсіз және біз оны қолдаймыз. Ірі бизнес біздің жаңа экономикалық парадигмада жаңаша жұмыс істей бастайды әрі міндетті түрде дамиды. Жалпы ашық әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін нарықтық экономика қалыптастыру басты басымдық болып қала береді», деді Мемлекет басшысы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments