Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына үміткер 523 адам тіркелді

Алматы облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына үміткер 523 адам тіркелді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстағы аумақтық сайлау комиссиясының (АСК) төрайымы Мейрамгүл Айтова айтты.

АСК төрайымының мәліметінше, ҚР Мәжіліс депутаттарын сайлау жөнінде Қонаев қаласындағы №11 округ бойынша 10 кандидат тіркелсе, Қаскелеңдегі №12 округ бойынша 15 кандидат тіркелді.
Ал облыстық мәслихаттың 19 депутатын партиялық тізімдер бойынша сайлау үшін 6 саяси партияның облыстық филиалдары тізімдерін облыстық сайлау комиссиясына ұсынды. Нәтижесінде барлық тізім қабылданды.
«Мәслихаттар бойынша 523 адамның барлығы тіркеуден өтті. Олардың 388-і өзін-өзі ұсынғандар болса, 282-і түрлі партиялардан. оның 209 кандидаты – «Аманат», 11 – «Ақ жол», 29 – «Қазақстан халық партиясы», 25 – «Ауыл», 5–жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, 3 кандидат – «Республика» партиясынан ұсынылды», — деді Мейрамгүл Айтова.
Төрайымның мәліметінше, сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-та және сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында жарияланды.
Сонымен қатар ол сайлау алдындағы үгіт 4 негізгі тәсілмен жүзеге асырылатынын айтты. Олар:
— БАҚ арқылы;
— Баспа, аудиовизуалды және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы;
— Сайлау алдындағы жария іс-шараларды, сондай-ақ кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу арқылы;
— Онлайн-платформа арқылы.

«Өз баға ұсыныстарын ұсынбаған республикалық және өңірлік БАҚ материалдарын жариялауға тыйым салынады. Құқықбұзушлық жасағандар ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-тармағына сәйкес осы норманы бұзу 30-дан 50 АЕК-ке дейінгі мөлшерде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады», — деді АСК төрайымы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments