Суббота, 27 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарБайтақ» жасылдар партиясының өңірлік штабтары үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде

Байтақ» жасылдар партиясының өңірлік штабтары үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде

Бүгін 2023 жылғы 22 ақпанында «Байтақ» жасылдар партиясының Атырау өңірлік штабының үйлестірушісі Амандық Қанатбайұлы және Мәжіліс кандидаты Көшенов Марал Атырау қаласындағы  қалдықтарды жинау, тасымалдау және өңдеумен айналысатын кәсіпорын «West DALA» ЖШС ұжымымен кездесті.  

Жүздесу аясында серіктестік қызметкерлеріне алдағы науқанның маңыздылығы мен партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен түсіндірілді. Аймақтағы өткір мәселелер көтеріліп, шешу жолдары пысықталды. Атырау облысы елімізде экология жағынан қолайсыз өңірлердің бірі. Көлік санының артуына байланысты ауаның ластану деңгейі де жоғары. Өңірде құрғақшылық мәселесі де жылдан жылға күрделеніп келеді.  

Мәжіліс кандидаты Көшенов Марал партияның мақсаттарын түсіндіріп,  ұжым тарапынан түскен ұсыныстарды алдағы әрекет ету жоспарына қосты. «West DALA» ЖШС  бас директоры Қайрат Салахаденов те Каспий теңізінің тартылу жайында өз сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар қаламыздағы желді күндері болатын шаңға қатысты «Байтақ» партиясының пікірін білді.

Айта кетейік, партиялық тізім бойынша облыстан Мәжіліс депутаттығына 1 кандидат тіркелген. Мәслихаттар сайлауында 15 үміткер бақ сынайды.  Кездесу екі тарап үшін пайдалы өтті. Соныңда естелік суретке түсірілді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments