Жұма, Мамыр 20, 2022
Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында бір тәулікте 240 адамнан коронавирус анықталды

Алматы облысында бір тәулікте 240 адамнан коронавирус анықталды

15 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 47 540 жағдай тіркелген, оның ішінде 34 250 симптом белгілері бар.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2224,2 құрады.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,7% – дан 0,6% – ға дейін төмендеді.
Соңғы тәулікте КВИ 240 жағдайы тіркелді, оның ішінде 190-ы симптомдық және 50-і симптомсыз болып табылады.
Облыс өңірлері арасында КВИ сырқаттанушылығы келесі көрсеткіштерді көрсетуде: Балқаш-3, Еңбекшіқазақ-36, Ескелді–11, Жамбыл–23, Іле-31, Қарасай-8, Қаратал-5, Кеген-2, Кербұлақ-2, Көксу-10, Райымбек–1, Панфилов-8, Сарқан–4, Талғар–21, Ұйғыр–11, Талдықорған-54, Текелі-6, Қапшағай қаласы-4.
Айта кетейік, жыл басынан Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінен 807 435 доза келіп түсті. Вакцинаның 2 компонентінен 735 060 доза алынды.
Бүгінде 719 941 адам вакцинаның бірінші компонентін алды, екіншісімен 600 456 тұрғын егілді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments