Воскресенье, 6 октября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында қауіпті өндірістік орындардың 13 пайызы ғана қайта жабдықталған

Алматы облысында қауіпті өндірістік орындардың 13 пайызы ғана қайта жабдықталған

Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында Алматы облыстық ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің маманы Мөлдір Алибаева айтты.

Қауіпсіздікке жауапты маманның мәліметінше, облыста 1000-нан астам өнеркәсіп орындары бар. Соңғы 5 жылда оның 13,5% ғана қайта жабдықталған.

«Ескірген, физикалық тозған жабдықты пайдаланудан біртіндеп шығару мақсатында қауіпті өндірістік объект қайта жарақтандарылуы тиіс. Біздің департаменттің талдаулар нәтижесінде Алматы облысында соңғы 5 жыл ішінде 246 нысанның ғана жабдықтары жаңартылғаны анықталды. Облыста 1000-нан астам өндіріс ошағы бар екенін ескерсек, бұл өте төмен көрсеткіш»,- деді Мөлдір Алибаева.

Сондай-ақ маман ірі көлемде қаржы құюды талап ететін құрылғылар мүлдем ауыстырылмайтынын айтты.

«Кей кәсіпорындарда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілмейді. Кәсіпкерлер қаржыдан қарағанда қауіпсіздікке көңіл бөлу керек екенін елемейді де. Сараптама ұйымдары құрылғылардың жарамдылық мерзімін ұзартуға болатынын айтып, талдау нәтижесін ұсынғанда ғана жабдықтардың ары қарай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі»,- деді маман.

Мөлдір Алибаеваның сөзінше, техникалық қауіпсіздік талаптардың сақталмауынан өткен жылы 3 оқыс оқиға орын алды.

«Облыстағы өндіріс орынының бірінде газ қысымының шамадан тыс артық болуынан құрылғы шыдас бермей, оқиға орнында 1 адам қаза тапты және 5 адам зардап шекті. Жалпы талаптарды сақтамаған кәсіпкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабына сәйкес жауапқа тартылады»,- деді Мөлдір Алибаева.

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments