Пятница, 14 июня, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысынында жіті ішек жұқпаларымен сырқаттану төмендеген

Алматы облысынында жіті ішек жұқпаларымен сырқаттану төмендеген

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің орынбасары Саулет Капсамалова мәлемдеді.

Ішек жолын зақымдайтын жұқпалы аурулар тобы -жедел ішек инфекциясы . Әдетте 2-6 жастағы балалар жиі ауырады. Ең қауіптісі –іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия. Олар бүкіл әлемде сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің негізгі себебі болып табылады. Жыл сайын 600 мыңнан 1,5 миллионға дейін адам қайтыс болады.

«Облыс бойынша 2018-2022 жж аралығында жіті ішек жұқпасының 1072 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 889. Жұқапалы ауыруды жұқтырудан ең төменгі көрсеткіш  2022 жылға сәйкес келеді дейді», — Саулет Баймухамбетқызы.

Сондай-ақ, жедел инфекциялық ауру түрі менингококк инфекциясы. Бұл инфекция түрі  кез –келген түрімен немесе тасымалдаушымен ауыратын адамнан жұқтыра аласыз. Менингококк жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде шырыш тамшыларымен ауа тамшылары арқылы беріледі.

Мамандардың айтуы бойынша, ауру белгілері бірнеше  күннен кейін басталады. Адам бойында байқалатын белгілері мұрын бітелуі, жөтел, тамақ ауруы және бастың ауруы.

Сол себепті, қазіргі кезде дәрігерлер жеке гигенаны сақтауды, оның ішінде қолдың тазалығын сақтау,антисанитариялық ортада дайындалған тағамнан бас тартудан кеңес береді

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments