Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысының əкімі аудан тұрғындарымен кездесті

Алматы облысының əкімі аудан тұрғындарымен кездесті

Бейсенбі күні Алматы облысының əкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы Жамбыл ауданына арнайы іс-сапармен келді. Өңір басшысы ең алдымен Жамбыл Жабаевтың əдебимемориалдық музейіндегі ескерткішіне гүл шоғын қойып, жыр дүлдүлінің кесенесінде құран бағашытады. Сондай-ақ өз аманаты бойынша жүз жасаған жыр жанпозының жанына қойылған ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне де тағзым етіп рухына құрмет көрсетті. Бұдан соң облыс басшысы ауданның зиялы қауым өкілдерімен жүздесті.

Содан кейін Марат Елеусізұлы аудандық мəдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Кіреберісте қойылған арнайы көрмені аралап, өңірдің өндіріс саласындағы мүмкіндіктерімен танысты.

Аталмыш жиынға мəслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл əкімдері, шаруа қожалық иелері жəне БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында аудан əкімі Нұрлан Ертасұлы баяндама оқып, Жамбыл ауданының барлық саладағы жетістіктерін атап өтіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті.

лісті. – «Жалпы Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы саласына бағытталған аудан. Бұл салада былтырғы жылы өндірілген өнім көлемі 63,5 млрд. теңгені құрап, жоспар 102, 1 пайызға орындалды. 2022 жылдың 1 қаңтарына аудандағы ірі қара малы 9, 3%-дық өсіммен 116, 2 мың басқа, қой мен ешкі 19, 5%-дық өсіммен 861,7 мың басқа жетіп облыс бойынша 1-ші орында болса, жылқы саны 41, 6 мың баспен 6, 2%-ға, түйе 1328 баспен 88, 7%-ды құрап, 2-ші орында, 573 мың бас құс саны 9, 5%-ға артып, 6-шы орынды иеленді. 2022 жылы ауданда 26 мың тонна ет (105, 8 %), 56 мың 567 тонна сүт (111, 4 %), 108 млн. 183 мың дана жұмыртқа (88, 4%) өндірілді. Жергілікті фермерлер мен шаруа қожалықтарының басым көпшілігі мал өсіру жəне одан өнім алумен айналысып, саланы дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқаруда. Бүгінде Жамбыл ауданы бойынша мал шаруашылығын кешенді қолға алып, өркендету жолында қойылған міндет өте көп. Өрістің тапшылғы мен жайылымдық жерлердің аздығы – күн тəртібіне енгізілген мəселелердің бірі болып отыр. Жасыратыны жоқ, бүгінде ауданымыздың бұл саласы маман жетіспеушіліктен ақсап тұр. Ауыл шаруашылық саласы бойынша үздік маман даярлау кезек күттірмейтін мəселе. Осы мақсатта аудандағы сақман айында Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің 50 студенті шаруа қожалықтарға келіп, істəжірибеден өткен болатын.

Қазіргі таңда жыл сайын мектеп табалдырығын аттап жатқан бүлдіршіндеріміздің саны артқандықтан мектеп құрылысының қажеттілігі туындап отыр. Бүгінде үш аусымды мектептер саны – 10-ға жетті. 2021 жылы үш аусымды мектептерді жою мақсатында 1 мектептің құрылысы басталып, 4 мектепке ЖСҚ əзірленді.

Ауданымыздың көлік қатынас жолдарын жөндеу мəселесі де үнемі назарда.

Ауыз су мəселесі шешілген елді мекендердегі ауылішілік жолдардың жөндеу жұмыстарына жылына 1 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлініп жұмыстар жүргізілуде.

Алайда бөлінген қаражат 61 елді мекенге аздық етеді, қосымша қаражат бөлінуге 1 млрд. 500 млн. теңгеге құжаттар əзірленген. Ауданымызда жалпы құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын 5 көп қабатты 3 тұрғын үй салынуда, нəтижесінде 300 пəтер жыл соңында беріледі.

Бұдан бөлек, тұрғындардың есебінен жылына 32 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі», – деді аудан əкімі.

Өз баяндамасында ауыл шаруашылығы басымдық берген Нұрлан Ертасұлы «Халыққа сапалы қызмет көрсету, тұрғындардың əл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсарту, аудан экономикасын ілгерілету – бүгінгі күннің басты талабы» деп нақтылады.

Содан кейін жиында сөз алған облыс əкімі Марат Сұлтанғазиев:

 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бірқатар маңызды саяси жəне экономикалық реформаларды жариялады. Ел Президентінің тапсырмаларына сəйкес біз экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етіп, халықтың табысын арттыру үшін барлық шараларды қабылдаудамыз. Ағымдағы жылдың бес айында экономиканың негізгі салаларында оң динамика сақталды. Мəселен, өнеркəсіп өндірісінің көлемі 5 пайызға (689, 9 млрд.теңге), ауыл шаруашылығы – 2, 8 пайызға (195, 5 млрд. теңге), сауда – 3 пайызға (467, 5 млрд. теңге), құрылыс – 14, 3 пайызға ұлғайды.

 Жалпы Алматы облысының экономикасын дамытуға Жамбыл ауданы айтарлықтай үлес қосуда. Денсаулық сақтау саласында аудан тұрғындарына 54 медициналық мекеме қызмет көрсетеді. Ұзынағаш ауылдық округінде 250 келушіге арналған, құны 3, 2 млрд. теңге болатын емхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты түзетілуде. Мəдениет саласында ағымдағы жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Шиен ауылдық округінде 311, 5 млн. теңгеге 150 орындық мəдениет үйінің құрылысы жоспарлануда. Спорт саласында ағымдағы жылы облыста 3, 4 млрд. теңгеге 6 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Облыс бойынша барлығы 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. 2022-2024 жылдарға Тарғап жəне Қарақыстақ ауылдарында 3, 4 млрд. теңгеге спорт кешендерін салу жоспарлануда.

Тұрғындардың ауызбіршілігі мен еңбекқорлығының арқасында экономикадағы қол жеткізілген көрсеткіштер сақталып, аудан алдағы уақытта да ілгерілеп, өркендей береді деп сенемін. Ол үшін ауданда барлық салаларда мүмкіндіктер бар. Алдағы уақытта облыс тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Аудан əкіміне тұрғындарды толғандыратын маңызды проблемалық мəселелерді ерекше бақылауға алып, оларды шешу үшін нақты шаралар қабылдау қажет» – деді облыс басшысы.

Жиынның сұрақ-жауап бөлігінде бірқатар өзекті мəселелер ортаға салынды. Көше жолдары, ауыз су сапасын жақсарту, медициналық орталық салу, жұмыспен қамту сынды əлеуметтік мəселелер талқыланды.

Алғашқы сұрақты Үлкен ауылдық округінің тұрғыны Рахима Қайырбекова қойды.

– «Үлкен ауылында əкімшілік ғимарат, почта, амбулатория жəне полиция учаскесі жоқ. Мен ауыл тұрғындарының атынан келіп отырмын. Осы мəселелер бойынша біздің ауылға көмек көрсетіңіз», – деді.

Марат Елеусізұлы:

– «Əрине бұл сұрағыңыз мен үшін маңызды. Аталған мəселе бойынша мен тиісті мекемеге тапсырма беремін. Бұл мəселе кезең-кезеңімен өз шешімін табады», – деді.

Ұзынағаш ауылының тұрғыны ардагер ұстаз Бибісара Жамұханқызы: «Жалпы қазақ ырымшыл халық ғой. Бүгін өзіңіздің келуіңізге орай аспаннан нұр жауып тұр. Менің сұрағым үш ауысымды мектептердің мəселесін шешсеңіз. Себебі, қыркүйек айында жаңа оқу жылы басталады», деген өтінішін жеткізді.

Облыс əкімі бұл сұрақтың жауабын баяндамасында айтқан болатын. Аудандағы үш ауысымды мектеп мəселесі жуырда өз шешімін табатынын жеткізді.

Келесі кезекте сөз алған Ұзынағаш ауылының тұрғыны Алик Анварович аудандағы жас жеткіншектерге арналған спорттық интернат салынса деген өтінішін білдірді.

Бұл ұсынысты жақсы қабылдаған облыс əкімі талантты жастарды қашан да қолдайтынын айтып, болашақта екі спорттық алаң салу жоспарда тұрғанын жеткізді.

Содан кейін Қарғалы ауылының тұрғыны Ажмат Алиев ауыл тұрғындарының атынан ауыз су, жол мəселесін айтып, қалаға қатынайтын қоғамдық көлік берсеңіз деген өтінішін жеткізді.

Аталған сұрақтарға облыс əкімі:

 – «Мен осы уақытқа дейін кездесу өткізген аудандағы мəселенің басым көпшілігі ауыз су мен қоғамдық көлік екенін байқадым. Бұл əрине қынжылтады. Дегенмен алдағы уақытта қоғамдық көлік мəселесін Алматы қаласының əкімдігімен бірлесе отырып шешетін боламыз», – деді.

Бұдан соң Қарғалы ауылының ақсақалы, Серік Ыбытаев мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтап, ауданда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы айтып, көпшілікті сабырға шақырды. Сондай-ақ, жаңадан сайланған облысы əкімі Марат Елеусізұлына:

 – Жетемін десең мұратқа,

Байрағыңды құлатпа.

Кір келтірме ешқашан,

 ҚАЗАҚ деген ұлы атқа! – деп ақ батасын берді.

Жалпы тұрғындар тарапынан осы тектес қайталама сұрақтар көп болды. Содан кейін облыс əкімі бірқатар азаматтардың сұрақтарын маңызды деп есептеп, жеке қабылдауында талқылады.

Ауданда шешімін күткен мəселелер аз емес. Соған сəйкес Марат Сұлтанғазиев ауданның əлеуетін ескере отырып, тиісті сала басшылары мен аудан əкіміне бірқатар тапсырмалар берді. Соның ішінде қайта өңдеу өндірістерін ашу үшін инвесторларды тарту, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жəне оларды ұтымды пайдалану жұмысын жандандыру, бордақылау алаңдарының жұмысын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауды, белгіленген мерзімде автомобиль жолдарын, соның ішінде ауылішілік жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жылдамдатып, сапасын қадағалауды, жоспарланған білім беру мен денсаулық сақтау объектілерін салуды жəне күрделі жөндеуді белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Марат Сұлтанғазиев өзінің қорытынды сөзінде Жамбыл ауданы басқа аудандармен салыстырғанда тазалығы мен мəдениеті жағынан алдыңғы қатарда екенін айрықша атап өтті.

Жиын соңында облыс басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Бақтияр Айталы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments