Среда, 17 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысы тұрғындарының 76%-ы екпе алды

Алматы облысы тұрғындарының 76%-ы екпе алды

 

Алматы облысында коронавирустық инфекцияның өсу қарқыны 0,1% — дан 0,6% — ға дейін ұлғайды.Бір тәуліктің ішінде 467 тұрғынның вирус жұқтыру дерегі тіркелді. 39 оқушы, 7 мұғалім мен 14 жасқа дейінгі 67 баладан аталған дерт анықталып отыр.
Бүгінде аймақта екпенің алғашқы бөлігін алғандардың жалпы саны 916 417-ге жетті. Бұл дегеніміз екпе алушылардың 76%-ын құрайды. Ал вакцинаның екінші компоненттін 854 169 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 71% — ы салдырды.
Сонымен қатар, Алматы облысында жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 62 252 адамды құраса, екпенің екінші компонентін 27 438 азамат қабылдады. Сондай-ақ, 102 284 адам ревакцинация курсынан өтті.
Қазіргі уақытта облыс тұрғындары төрт вирусқа қарсы препараттан вакцинацияны таңдай алады, олар: Гам-КОВИД-ВАК (Спутник V), «QazCovid-in», «SinopharmVeroCell» және жасөспірімдерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарға арналған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments