Воскресенье, 21 апреля, 2024
Басты бетСайлау—2023Ақ жол" жұмысшыларды сайлау күні өз таңдауын жасауға шақырды

Ақ жол» жұмысшыларды сайлау күні өз таңдауын жасауға шақырды

«Ақ жол» демпартиясы Республикалық штабының мүшелері Павлодар қаласына барды.
Бүгін Республикалық штаб мүшелері Берік Дүйсембинов, Дмитрий Васильев, «Ақ жол» демпартиясынан бір мандатты округ бойынша кандидат Фуат Сатыбаев, жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар Павлодар облысындағы «Мерусарии және К» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

«Ақжолдықтар» партияның саяси бағдарламасын таныстырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес, Парламенттік республикаға көшу мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, ипотекалық несиенің жоғары пайыздық мөлшерлемелері, жұмыссыздық, салалық ҚҚС мөлшерлемелері, оффшорлардағы қаржыны қайтару, инфляциямен күрес және тұрғын үй бағасының қымбаттауына қатысты мәселелер көтерілді.

Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырған соң кандидаттар Парламентте атқарылған жұмыстар жайлы айтты. Жұмысшылар көкейдегі сұрақтарын қойды. Көпшілікті әлеуметтік әділеттілік, «жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң мен әділ сайлау мәселелері қызықтырды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments