Жексенбі, Қазан 2, 2022
Басты бет Жаңалықтар Бар жерді тиімді пайдалану - ең басты ...

Бар жерді тиімді пайдалану – ең басты міндет

Еліміздегі саяси әлеуметтік жағдайдың оңтайлы шешілуі даму стратегиясының негізі болып табылады. Осы бағыттағы кез келген мәселе Қазақстан Республикасы Конституциясына және Заңдарына сүйене отырып жүзеге асырылады. Осыған орай біздің бүгінгі тақырып аясында айтар ойымыз аудандық жер қатынастары бөлімінде атқарылып жатқан халыққа қызмет көрсету барысындағы жұмыстар туралы болмақ.

Аудандық жер қатынастары бөлімі аудандағы әрбір жер бөлшегін дұрыс пайдаланып, оның тиімді болуын көздейді. Жер – тіршілік тірегі екені мәлім. Яғни, оның әрбір бөлшегі қымбат. Сондықтан жерді көздің қарашығындай сақтап, халыққа әділ түрде бөліп, дұрыс пайдалану үшін аудандық жер қатынастары бөлімі қажырлы жұмыс атқаруда. 

Тұрғындарға сұранысына сай адал қызмет көрсету біздің азаматтық борышымыз. Біздің аудан ауыл шаруашылығына ыңғайлы аудан болып саналады. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін мемлекеттік бақылауды күшейту қазіргі таңда барынша қолға алынуда. Жер кодексіне өзгерістер енгізілуде. Осыған байланысты жер беті түсірілімдері, зерттеулері, түгенделуі, ауыл шаруашылығы жерлерін мониторингтеу  ақпарат көзі ретінде ғарыштан бақылау нәтижелері негізінде жүзеге асады. Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, ауданның жер қорына алу және сол жер учаскелерін конкурсқа қою арқылы бөліп қайта айналымға енгізу жұмыстары да кезек күттірмейтін мәселе болып тұр.

Жерді пайдалану саласында атқарылатын жұмыстар туралы тезистер жасалды. Мәселен, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, пайдаланушының міндеттері мен жауапершілігі нақтыланды. Осы арқылы учаскелерді талдаудың бірыңғай үлгілік шарттары заң негізінде белгіленді. Жерді жалға алудың алғашқы 5 жылында мониторинг жыл сайын жүргізілуі керек.

Елді мекендердің маңындағы ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік  қажеттілік санатына жатқызылған. Оны халықтың жеке қосалқы шаруашылығының пайдасы үшін алып қоюға заңды негіз бар. 

Жергілікті халықтың қажеттілігін қанағаттандыру және жайылымдық жер бөлу мәселесін шешу үшін «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бұл құжаттың мақсаты – халықтың мал жаю мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ұйымдасқан шаруашылықтар пайдаланбаған жерлерді қайта бөлу. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті атқарушы органдардың жайылымдарды пайдалану жөнінде жыл сайынғы есебін  тыңдайды және бақылайды.

Осындай немесе осы секілді іс-шараларды бүгінгі таңда жүйелі  жолға қойып, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1, 44-45 баптарына, 48, 65 баптарына сәйкес жұмыс жүргізілуде. Заң аясында жүргізілген кез келген халық сұранысына сай қызмет жер бөлімінде әділ заң аясында іске асырылады. Аудандық жер қатынастары бөлімінде ар-намыс кодексі басшылыққа алынған. Адамгершілік, адалдық тұғырын биік ұстау, оған кір келтірмеу  адамдығымыздың айнасы. Ендеше, жерді бөлу, қорғау, пайдалану барасында Ата Заң аясында лайықты жұмыс жүргізу басты міндетіміз деп білеміз.

А.Байболатов,

Жамбыл ауданы жер қатынастары

         бөлімінің басшысы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments