Воскресенье, 21 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарБибісара Асаубаева әлемнің ең мықты шахматшысын қатарынан екінші рет жеңіп кетті

Бибісара Асаубаева әлемнің ең мықты шахматшысын қатарынан екінші рет жеңіп кетті

Шахматтан Астанада өтіп жатқан Қазақстан мен әлем құрамасы арасындағы кездесуде тағы бір сенсация тіркелді. Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшысын қатарынан екінші рет ұтқан.

Асаубаева қытайлық шахматшы, әлемнің төрт дүркін чемпионы Хоу Ифаньды екінші рет жеңді. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының ресми парақшасы мәлімдеді. «Бибісара Асаубаева FIDE рейтингіндегі ең мықты шахматшы Хоу Ифаньды екінші рет ұтты. Алға, Бибісара!», — деп жазылған федерацияның ресми парақшасында. Еске сала кетейік, Бибісара бүгін таңертең де қытайлық шахматшыдан басым түскен. Бибісара Асаубаева блиц шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы. Бұл күндері Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін талас өтіп жатыр. Ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь арасындағы кездесудің жетінші партиясы аяқталды.

Әзірге,  4:3 есебімен алда келеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments