Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бетӨзге айдарларБүгін 17 мамыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың туған күні

Бүгін 17 мамыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың туған күні

Бүгін 17 мамыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың туған күні. Зиялылар отбасында дүниеге келген ел Президентіне халықтың өзі тәжірибелі, білікті, білімді, нағыз дипломат  деп баға берді. Кешегі қаңтар оқиғасында Қасым-Жомарт Кемелұлы өзін нағыз ата-бабаларының қасиеті дарыған тұлға ретінде көрсетті. Қиын-қыстау сәтте жедел шешім қабылдап, халықпен бірге болғаны жадымызда. Ел Президентінің жаңа Қазақстанды құрудағы игі бастамаларын халық бірауыздан қолдап, зор сенім артып отыр. Конституциямызға түзетулер енгізулер жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойғаныңызды үлкен жаңалық деп білеміз. Орталық сайлау комиссиясының қызметін атқаратын орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелік комиссияларының қызметін атқаратын аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына жүктелетіндігі көңіл қуантады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы осындай шаралардың арқасында нығая бермек. Олай болса, еліміз аман, жұртымыз тыныш, жаңа Қазақстанға бет бұрған бағытымыз оңынан болсын.

Сізді Қазақстан халқын іргесі мықты ел ретінде таныта береді деген ізгі тілегімізді білдіреміз. 

«Атамекен» газетінің ұжымы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments