Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарЕрліктері әрқашан есте

Ерліктері әрқашан есте

Ағымдағы жылдың қаңтарында жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қайғылы қазаға ұшыраған ҰҚК Шекара қызметінің қос әскери қызметшісі капитан Е.Карменов, келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері Ш.Армадинов (қайтыс болғаннан кейін) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 30 сәуірдегі Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марпатталды.

Мемлекеттік марапат 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мерекесі күні әскери қызметшілердің ата-аналарына салтанатты жағдайда табыс етіліп, шекарашылар Отанымыздың батыл ұлдарының рухына тағзым етті.

Капитан Е,Карменовті марапаттау рәсіміне марқұм офицердің ата-анасы, жұбайы және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметов, ҰҚК Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы генерал-майор Е.Алдажұманов қатысты.

Сондай-ақ, өзінің туған жері Алматы облысы Ұйғыр ауданының Үлкен Дихан ауылында жерленген келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері Ш.Армидиновтың марапатын шекарашының анасы Қалбинур Шариповаға аудан әкімі Шухрат Нурахунов табыс етті. Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы подполковник Әмірбек Әкімбеков бастаған 60-қа тарта әскери қызметші сап түзеп, шекарашыға лайықты құрмет көрсетті.

…Ал оқиға қалай болып еді? 2022 жылдың қаңтары. Бұл кезде Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар әділ заңның құрығынан қашып, таулы аймақтарға жасырынуға тырысқан. Алайда, қазақ-қырғыз шекарасын берік күзетіп тұрған шекарашылар қылмыскерлердің арам ойларын іске асыруларына мүмкіндік берген жоқ еді.

10 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының «Барлау-із кесу» наряды «Қарасай батыр» шекара бөлімшесінің сол қапталына жауынгерлік тапсырмамен аттанған болатын.

Сол күні ауа-райы аяқ астынан күрт бұзылып, тау ішімен келе жатқан «Урал» автокөлігінің жүрісіне кедергі келтіре түскен. Қатардағы жауынгер Шавкат Армидиновтің барынша сақтықпен жүргеніне қарамастан, бір кезде көліктің дөңгелектері сырғанып барып, төменге қарай сырғи бастады. Осы кезде сасқалақтамаған жүргізуші тежегішті қосып үлгеріп, қаруластарының көліктен секіріп кетулеріне мүмкіндік жасап жасады. Алайда, топты басқарған офицермен бірге өзі ажалдың аранынан құтылып кете алмады.

Иә, ерлік ешқашан ұмытылмайды. Сын сағатта сынбаған Отанымыздың қос оғланы шекарашылардың жүрегінде мәңгі сақталады.

Хандияр ӘДІЛ,

ҰҚК Шекара қызметінің майоры.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments