Воскресенье, 6 октября, 2024
Басты бетМӘМСЕскелді ауданында тұрғындарды МӘМС жүйесіне тарту мәселелері бойынша өңірлік штаб жұмысын жандандыру...

Ескелді ауданында тұрғындарды МӘМС жүйесіне тарту мәселелері бойынша өңірлік штаб жұмысын жандандыру жоспарлануда

 

Ескелді ауданында аудан әкімдігі және облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған Жетісу облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының есептік кездесуі өтті. Кездесу барысында аудан тұрғындарын МӘМС жүйесіне тарту мәселелері, денсаулық сақтау саласының стратегиялық көрсеткіштері және көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі алдағы жоспарлар талқыланды.
Бүгінде Ескелді ауданында 52 мыңнан астам адам тұрады, оның ішінде 10 629 адам немесе жалпы халықтың 20,3%-ы МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Айта кету керек, бұл азаматтарға МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер қолжетімсіз.
«Ескелді ауданында 10 мыңнан астам халық сақтандырылмаған. Алайда, аз болса да, оң динамика бар. 4 ай ішінде 179 адам «сақтандырылған» мәртебесіне ие болды, енді көрсеткіштері бойынша медициналық қызметтердің барлық спектрін тегін ала алады»,-деп атап өтті Қор филиалының директоры Гүлзия Таипова.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары Жұмағұл Әлімбеков МӘМС жүйесіне барлық сақтандырылмағандарды тарту бойынша халық арасында толыққанды жұмысты қайта бастауды ұсынды. Уәкілетті органдарға: шет елдерге көшіп кеткен, еліміздің басқа өңірлеріне тұрақты тұруға кеткен адамдарды анықтау және оларды бағынысты ақпараттық жүйелерден алып тастау, сондай-ақ жеңілдік санаттарынан тыс қалып қалған азаматтардың деректерін өзектендіру бойынша тапсырмалар берілді.

 

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments