Четверг, 14 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарЕскелді ауданының аңызға айналған құлпынайы

Ескелді ауданының аңызға айналған құлпынайы

Теректі ауылы бұрыннан иісі мұрын жарған таңқурайымен, дәмі тіл үйіретін құлпынайымен танымал. Жидектерді алуға халық Талдықорған мен облыстың түпкір-түпкірінен келеді. Жергілікті БАҚ өкілдері Ескелді аудынындағы құлпынай алқабына барып, ондағы жұмысты өз көзімен көріп қайтты.
«Лазаренко Н.П» шаруа қожалығында күніне 200 келі құлпынай жинайды.
– Жұмыс қиын емес. Біз ұжымымызбен күнде алқапқа шығып, жидектерді тереміз. Менің бұл шаруа қожалығында жұмыс істеп жүргеніме 12 жыл болды. Еңбекақысын күнделікті аламыз, басшылық тарапынан көмек те көрсетіледі. Ал еңбекпен терген құлпынайымыз біздің өңірдегі ең дәмдісі. Басқа аудан, қалалардан іздеп келіп алатын халықтың көп болуы – сөзіме дәлел,– дейді шаруа қожалығында еңбек ететін Елена Сырых.
Күнделікті жиналатын 200 келі жидек бір мезетте сатылып кетеді. Негізінен жидектерді жақын аудандар мен қалалардан саудагерлер келіп алады. Одан бөлек, қалаған адам осы шаруа қожалығынан да сатып алатын көрінеді.
Жалпы құлпынай алқаптарының ауданы-2 гектар, ағайынды Лазаренколар бұл кәсіпті 1998 жылдан бері дөңгелетіп келеді.
– 1 келі құлпынай– 1200 теңге. Өткен жылмен салыстырғанда баға өсті, көптеген заттардың бағасы көтерілгені жасырын емес. Дегенмен, бағасы қолайлы. Тұрғындарға қолжетімді болғанын қалап, қатты көтермелемейміз. Біз өсіретін жидектердің сұрыпы да жаңа. Олар өте нәзік болғанмен, дәмді әрі шырынды. Көпшілік дәл осы үшін біздің құлпынайымызды бағалайды,– дейді шаруа қожалығының басшысы Николай Лазаренко.
«Лазаренко Н.П» шаруа қожалығы жаңа технологиялардан да қалыс қалып жатқан жоқ. Жидектердің сапасын жақсарту үшін тамшылатып суару әдісі қолданылады. Бұл судың тамыр аймағына тікелей түсуіне мүмкіндік береді.
Жалпы, Ескелді ауданында биыл 630 гектар жерге жеміс-жидек егілді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, 1773 тонна өнім жинау жоспарланған.

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments