Четверг, 18 апреля, 2024
Басты бетЖамбыл-175 жылЖаңғырту жұмысы жандана түспек

Жаңғырту жұмысы жандана түспек

Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейіне байланысты республика көлемінде бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі — ұлы ақынның əдеби-мемориалдық музейін жəне күмбез кесенесін жөндеу жұмыстары.

Музейдің жөндеу жұмыстарын ҚР Мəдениет министрлігінің «Қазқайтажаңарту» мемлекеттік мекемесі жүргізуде.

Сонымен қатар музей аумағына орналасқан ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне де жөндеу жұмыстары жүргізілмекші.

Осынау мақсатты шаралардың барысын өз көзімен көру үшін жуырда аудан əкімі Нұрлан Ертас музейге арнайы барып, «Іргетас» ЖШС өкілдерімен кездесті.

 Сондай-ақ, биыл Ұзынағаш пен Ташкентке дейінгі аралықта қоқан басқыншыларының қамалын талқандап, қалың елін жаудың зорлық-зомбылығынан азат етуге бел буып араласқан, ағайынның ынтымағы мен бірлігін нығайтуға өлшеусіз еңбек сіңірген əрі батыр, əрі би – Сарыбай Айдосұлының туғанына 200 жыл толады.

Батыр қолбасшыға деген халықтың құрметі ерекше. Сарыбай бидің 200 жылдық мерейіне арналған бірқатар жұмыстар жоспар бойынша қолға алынуда. Нұрлан Ертасұлы Сарыбай би ауылына да ат басын бұрып, мерейге байланысты өтетін шараларды жоспарлау жəне ескерткіштің орнын белгілеу бойынша кеңес өткізді.

Б.АЙТАЛЫ.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments