Воскресенье, 6 октября, 2024
Басты бетЖемқорлыққа жол жоқЖемқорлық – іргемізді ішінен ірітеді

Жемқорлық – іргемізді ішінен ірітеді

Кез келген өркениетті қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мəселенің бірі болып табылады. Ол мемлекетті ішінен ірітудің бастамашысы, жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер төндіретін аса қауіпті індет. Сондықтан осы зұлымдықпен күресу Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі басымдығының бірі болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз – бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің алғы шарты» деген екен кезінде ғұлама Аристотель. Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нəрсе – заңдардың жəрдемімен əр ортадағы жұмысты лауазым иелерінің байып кетуіне жол бермейтіндей етіп ұйымдастыру. Əрине, қоғам дамуының күнгей жағымен қатар көлеңкелі тұстары да бар. Əдетте ақ пен қара қатар жүретіні сияқты, елдің əлеуметтік халахуалы жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне ұмтылған сайын халықтың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту əрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатердің алдын алу, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықты болдырмау, олардың жолын кесу жəне ашу болып табылады. Осы заңда мемлекеттік міндетті атқаратын жəне де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндігін пайдалана отырып, пайда табуы сыбайлас жемқорлық деп анықталған. Тиісті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пəрменді шаралар көруде. Оның айтарлықтай нəтижесі де бар. Бұл туралы бұқаралық баспасөз, теледидар мен радио арқылы қоғам мүшелері тұрақты хабардар болып жатқанын жақсы білесіздер.

Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments