Четверг, 20 июня, 2024
Басты бетХабарландыруКөрісу күні — ақ тілектер жоралғысы

Көрісу күні — ақ тілектер жоралғысы

Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы деуге де болады. Адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы бұл. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. Наурыз — жаңару мейрамы. Хакім Абайдың өзі «Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып» деп жырлайды. Бұл дәстүрдің тарихына үңілетін болсақ, ертеректе көшпенді өмір сүрген ата-бабаларымыздың қыс айларында бір-бірімен көрісе алмай, көктем шығып, күн жылына бастағанда сағынысып, амандық-саулық сұрасуы дәстүр ретінде сақталып қалса керек. Ал «Амал мерекесі» деп айтылу тарихында да ешқандай өзгешелік жоқ. Шығыс күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады деген ұғым қалыптасқан. Мұндағы амал сөзі ескіше парсы тілінің хамал сөзінен алынған. Наурыз айын парсыша «Хамал» айы деп атауы себепті, «Амал мерекесі» аталып кеткен. Яғни, «Амал мерекесі» мен «Наурыз мерекесі» дегеннің ешқандай айырмасы жоқ. 14 наурыз қазақта көрісу күні, амал мерекесі. Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп бірін-бірі құттықтайды. Бұл күні ең алдымен әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп көрісіп жатады. Кәде-сыйлары да міндетті түрде бір-бірінің көңілдерін аулап, жаңа жылдың келуіне орай қуанышты болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments