Суббота, 27 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ НЕМЕСЕ ПРОФИЛЬДІ МАМАНДАРДЫҢ КЕҢЕСТЕРІН ӨЗ ЕМХАНАҢЫЗДАН БАСҚА ЖЕРДЕ АЛУҒА БОЛА...

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ НЕМЕСЕ ПРОФИЛЬДІ МАМАНДАРДЫҢ КЕҢЕСТЕРІН ӨЗ ЕМХАНАҢЫЗДАН БАСҚА ЖЕРДЕ АЛУҒА БОЛА МА?

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Тәжеков Әлімбек Мұхтарұлы Емхананы таңдау құқығы және қандай жағдайда еркін таңдауды пайдалануға болатыны туралы айтты

Емхананы еркін таңдау құқығын бірнеше жағдайда ғана пайдалануға болады:

егер бекітілген жері бойынша емханада қажетті маман болмаса немесе оған жазылу мүмкін емес, ал кезекті күту ұзақ уақытқа созылатын жағдайда (10 күннен артық).

егер пациент өзінің ауруы туралы белгілі бір дәрігерге қаралуға дағдыланған болса немесе жақын адамдары ұсынған клиникаға жолдама беруді талап етсе.

Еркін таңдау бойынша диагностикалық қызметтерді немесе профильді маманның кеңесін қалай алуға болады?

пациент өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінеді

басқа емханаға жолдама алады

сол жерге дәрігердің қабылдауына жазылады

дәрігер қабылдауында болады немесе тексеруден өтеді.

Қандай медициналық қызметтерді учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз алуға болады?

егер пациентте күттіру мүмкіндігі жоқ төтенше жағдай немесе жарақат болса

егер пациент стоматологиялық көмекке жүгінсе (жоспарлы немесе шұғыл)

пациент дерматовенерологқа жүгінген кезде

егер пациент өзінде онкологиялық немесе гематологиялық ауруға күдік туындаған жағдайда, тар бейінді маманға жүгінсе

пациент тіркелген жері бойынша гинекологқа немесе психологқа жүгінген кезде

егер пациент жастар денсаулық орталығына жүгінсе

пациент қайта жүгінген кезде немесе қатерлі ісікке күдіктенсе

егер пациент өз ауруын динамикалық бақылау үшін профильді медициналық орталыққа жүгінсе

медициналық поездарда немесе жылжымалы медициналық кешендерде медициналық қызметтер алу кезінде

Аталған жағдайлардың барлығында пациент медициналық көмек алғысы келетін клиникаға өз бетінше жазылады және белгіленген уақытта дәрігердің қабылдауына келеді.

Қандай жағдайларда пациенттерге басқа емханаларға жолдама берілмейді?

егер пациентке қажетті қызметтерді өз учаскесінің көрсету мүмкіндігі болса.

Мысалы, психолог, учаскелік дәрігер, медбике, акушердің қабылдауы, патронаж, актив, иммундау, профилактика, СӨС, босануға дайындық мектебі, кейбір диагностикалық зерттеулер және басқа да қызметтер

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments