Сәрсенбі, Мамыр 18, 2022
Басты бет Жаңалықтар Мемлекеттік қызметкерлер де жан-жақты

Мемлекеттік қызметкерлер де жан-жақты

Кеңседе отырып, өмірінің жартысын қызметте өткізетін мемлекеттік қызметкерлер бір сәт бойын сергіту үшін аптасына бір күнді бекітіп, спортпен шұғылдануды әдетке айналдырғалы да біраз жылдың жүзі болды. Кейбірі футболдан енді бірі үстел теннисі мен волейболдан команда құрып, өзара бір-бірімен жарыс ұйымдастырып, кіммықтыны анықтап жүреді. Сол мемлекеттік  қызметкерлер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жуырда волейбол мен үстел теннисінен ауданаралық жарыс ұйымдастырып, бақтарын сынап көрді.

Волейболға аудандық мемлекеттік қызметкерлерден құралған 15 команда қатысты. Құдды кәсіпқой спортшылар сынды өнер көрсеткен мемлекеттік қызметкерлер бұл намысты додада да алдарына жан салмай өз іштерінен кіл мықтыларды анықтады. Нәтижесінде жүлделі І орынды Қасымбек ауылының мемлекеттік қызметкерлері иеленсе, ІІ орынды Мыңбаев, ІІІ орынды Талап ауылынан келген мемлекеттік қызметкерлер иеленді. Волейболдан кейін үстел теннисіне әр ауылдық округтен жиырма мемлекеттік қызметкер қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Бұл додада Ермек Шаштай алдына жан салмай І орынды жеңіп алса, Ербол Әшімов ІІ орынды, Жалғас Жораев ІІІ орынды иеленді.

Осылайша мемлекеттік қызметкерлер өздерін жан-жақты екенін тағы мәрте дәлелдеп, сегіз қырлы бір сырлы екенін дәлелдеді.

Е.Есқожа

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments